Teacher-psychologist
Teacher psychologist
Syrlybayeva Perizat Almatkyzy
Tel: 87758920294
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Психологиялық қызмет
Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-социолог және оқу топтарының жетекшілері кіреді.
Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:
– Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;
– Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;
– Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;
– Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
– Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі жұмыс бағыттары:
– Психодиагностикалық бағыт;
– Психопрофилактикалық бағыт;
– Психокоррекциялық бағыт;
– Кеңес беру;
– Психологиялық білімді көтеру.
Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:
– Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;
– Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;
– Бейімделу кезеңін бақылау;
– Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;
– Жас мамандарға көмек;
– Ата-аналармен жұмыс;
Психолог: Сырлыбаева П.А.
Студенттер мен ата-аналар назарына! Колледжімізде “Сенім телефоны” және “Сенім жәшігінің” жұмыс жасайтынын хабарлаймыз! ☎️87084715432
????
“Құқықбұзушылықтың алдын-алу басты міндет” атты құқықтық онкүндік аясында студенттермен “Өмірді бағала” атты тренинг жүргізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет’ атты құқықтық онкүндік аясында ‘Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайларды анықтауға бағытталған’ сауалнама жүргізілді.
16 қыркүйек күні 1 курс студенттерінің ата-аналарымен ағымдағы оқу жылының алғашқы ата-аналар жиналысы өтті.
Студенттер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, “Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз” атты тақырыпта студенттермен семинар өткізілді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтіні айтылды. Сондай-ақ, студенттерге бейноролик көрсетіліп, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті.
“Мен оффлайн"” акциясы аясында 1-курс студенттерімен өткізілген психологиялық тренинг.
“Интернетсіз бір күн” тақырыбында 1-курс студенттерінің дайындаған қабырға газеті.
Ұйымдастырушы: психолог Перизат Алматқызы
2022 жылдың 28-ші қаңтар күні Колледж жатақханасындағы студенттердің көңіл-күйін қалыптастыру, жағымды қарым-қатынас орнату мақсатында “Көңілді орта” атты психологиялық тренинг өткізілді.
Колледж психологы: Перизат Алматқызы
Бүгін алғыс айту күні. Психологтар былай дейді: «рахмет» сөзі адамның эмоционалдық фонына, демек, денсаулығына және психикалық белсенділігіне жақсы әсер етеді. Осы тамаша күнде ата-анаңызға, таныстарыңызға, туған-туыстарыңызға, әріптестеріңізге, сыныптастарыңызға жақсылық жасаңыз, алғыс сөздер айтыңыз. Содан кейін «Рахмет» күні сізге жақсылық пен қуаныш әкеледі! Психолог: Перизат Алматқызы
<iframe width="560" height="315" src="/" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>