×

Қателік

[OSYouTube] Alledia framework not found

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/XVssNcQHLdo" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/RLbx-Om9JaY" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Ұйымдастырушы-педагог

Болатбай Гүлденай Мирамбекқызы

тел:87789206414
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

“ZHAS STAR” қалалық студент жастар арасында өткен фестиваліне “JASTALANT” ән байқауына 107- топ білім алушысы Қаленов Жандос белсенді қатысып алғыс хатпен марапатталды.
Жетекшісі: Болатбай Гулденай

 

 

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, ұшқыш Т.Бигелдиновтың, Ұлы Отан соғысының батыр қызы М.Мәметованың 100 жылдығына орай “Ерлік - ұрпаққа ұран “ атты облыстық ән байқауында 107 - топ білім алушысы Қаленов Жандос өз өнерін көрсетіп, сертификатпен марапатталды.
Жетекшісі: Болатбай Гүлденай Мирамбекқызы

 

Студенттер арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, “Жемқорлықпен күресу - басты міндетіміз” атты тақырыпта студенттермен семинар өткізілді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетімізге әлеуметтік дамуымызды тежейтіні айтылды. Сондай-ақ, студенттерге бейноролик көрсетіліп, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашағына балта шабатын қауіп екенін айтып өтті.    Колледж психологы Сырлыбаева П.А Пед-ұйымдастырушы Болатбай Г.М  

 

СӘТ САПАР, АҚ ЖОЛ, ЖАС МАМАН!
Бүгін 28 маусымда колледжімізде 2021-2022 оқу жылын аяқтап, жаңа өмірге қанат қаққан түлектерімізге салтанатты диплом тапсыру кеші өтті. Кеш барысында студент ата-аналарына, колледж түлектеріне және жұмыс беруші әлеуметтік серіктестерімізге сөз беріліп, кеш ән-шашумен жалғасты.
Қымбатты түлектер, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Болашақтарыныз жарқын болсын!

 

Құрметті ұстаздар! Қымбатты студенттер, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
1 қыркүйек барша халықтың көптен күтетін мерекесі!
Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірсе, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады.

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

 

Бүгін 07.04.2022ж күні колледж білім алушыларына “Қазақ хандығы.Алмас қылыш” атты тарихи фильмі көрсетілді. Сценарийі Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романы негізінде жазылған фильм 15 ғасырдың орта тұсындағы алмағайып заманды көрсетеді. Бір кездері зор қуатты империя болған Алтын Орда құлап, төре тұқымынан шыққан сұлтандар билікке таласып, бірінің артынан бірі өз алдына жеке хандықтар құрыла бастайды. Бұл жағдайда Жошының үлкен ұлы Орда Еженнен тарайтын Керей мен Жәнібек сұлтандар да шет қалмай, өздерін қолдаған көшпенді жұртты жандарына ертіп, жер жәннаты атанған Жетісуға келіп, жеке мемлекет құрады. Алайда, бұл мұратқа жету үшін олар көп қиындық пен қастандықты бастан өткерді.   Педагог-ұйымдастырушы: Болатбай 

 

Бата күніне орай ұйымдастырылған “Бата-тілек — ұлт жанының айнасы” атты бата сайысының жеңімпаздары алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.   

 

Бүгін “ИГІ ІСТЕР” күніне орай “Жүрек жылуы”, “Наурыз дастархан” ұрандарымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 101-106 топ және жатақхана студенттері қатысты

 

Бата – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бата, тілек ақ дастархан басында, түрлі тойларда, жақсылықтарда айтылады. Бүгінде сіздерге тәрбиелік мәні  жоғары халымыздың асыл қазынасының бірі бата туралы мәлімет беріп, “Бата-тілек - ұлт жанының айнасы” атты сайыс өткізілді. Сайысқа 101-108 топ білім алушылары қатысты. 

 

Бүгін колледж акт залында "8-наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай "Сыйынар ем Ана деген тәңірге" атты тақырыбында концерт өткізілді.  Өткізген: 103 ТЭМ тобы  Топ жетекшісі: Абимолдина Ж.А  Пед-ұйымдастырушы: Болатбай Г.М 

 

Attachments:
Download this file («TAJIAHT 2022» 1-kypc.pdf)Талант 2022[1 курс]1403 kB

Aқтөбе Автожол колледжінде Педагог -организатор Болатбай Гүлденай және ЖІСКТ Аманова Нұрбибінің ұйымдастыруымен жаңа форматта “Autumn Party” өтті✨

<iframe width="374" height="664" src="https://www.youtube.com/embed/jO9m0ZkpuC0" title="21 ноября 2022 г." frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

14.11.2022 жылы Ақтөбе Автожол колледжінде «Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет» атты он күндіктің ашылуы барысында 109у және 108у топ студенттерімен дөңгелек үстел өтті.  Ашық ой алаңында студенттер белсенділік таныта отыра, Құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында қолдануға болатын шаралар жайында өз ойларын білдірді.   

????Ұйымдастырушылар: Педагог-организатор Болатбай Г.М және ЖІЖКТ Аманова Н.Ә 

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/Ykhq2zR5Xqk" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары