ЖҰМАҒАЗИНА ҒАЛИЯ УРУНҒАЛИҚЫЗЫ

КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ

 

Құрметті сайт қонақтары!

Жастар – еліміздің болашағы, ертеңгі мемлекет тірегі. Біз Қазақстандағы әрбір жас ұрпақтың ертеңгі күні өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайдалы еңбек ете алатын, заман талабына сай маман болуын басты назарда ұстап келеміз. Бүгінгі таңда Қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі тұр. Бұл ретте өзінің болашағын терең жоспарлаған әрбір жас ұрпақ сұранысқа ие мамандық таңдап, заманауи материалдық базамен жабдықталған оқу орнында білім алуы қажет.

Ақтөбе Автожол колледжі білім алушыларға сапалы білім беруді және жұмысқа орналастыруды басты мақсат тұтады. Оқытушылар құрамы студенттерге білім беру барысында алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары мен әлемдік озық тәжірибелерді игеріп, оқу үрдісінде кеңінен пайдаланады. Колледж қабырғасынан алған заманға сай жан-жақты білім мақсатқа жетудегі баспалдақ болары сөзсіз.

Құрметті оқырман, жеке блогыма қош келдіңіз! Бұл блоктың негізгі мақсаты – интернет желісіндегі әр адамға колледж қызметі бойынша қызықтыратын сұрақтарына сапалы және қажетті ақпарат беру. Сонымен қатар блок оқырмандарынан кері байланысты күтеміз. Жазыңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер, ұсыныс беріңіздер. Барлық берілген сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі.

 

 

Құрметпен, колледж директоры Жұмағазина Ғалия Урунғалиқызы

Кері байланыс

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары