Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында өткізілетін «ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» республикалық құқықтық сауаттылық айлығы АКЦИЯСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ аясында білім беру ұйымдарына алып кіруге тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында «Полиграфия технологиясы, менеджмент және ЖББП» бөлімінің ата аналарының қатысуымен кезекшілік ұйымдастырылды.
#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП2025АҚТӨБЕ
#ҚҰҚЫҚТЫҚМӘДЕНИЕТ2025АҚТӨБЕ
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Ақтөбе облысының прокуратурасы үлескерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын жүзеге асыруда.
Мысалы, тергелген алаяқтық дерегі бойынша «Жилище» құрылыс компаниясының төрағасына қатысты қылмыстық іс облыс прокуратурамен 2 сәуірде сотқа жолданды.
Зардап шеккен 75 үлескер тұрғын үй құрылысына 421 млн теңгеден астам қаражат салған. Алайда, компания Ақтөбе қаласында 2 үйді салмаған.
Облыс аумағында жалпы 11 проблемалық үлескерлік құрылыстары бар, олар бойынша 745 жәбірленуші, залал – 5,6 млрд теңге.
Өткен жылы 5 құрылыс компания басшылары 8 нысан бойынша қылмысқа тартылып 6 жылға сотталды.
Прокуратурамен, азаматтық тәртіпте соттарға 2 талап-арыз жолданды, яғни 159 үлескердің мүддесі үшін, сатып алу шарттарын жарамсыз деп танып, үлескерлердің пайдасына 2 млрд теңге өндіру талап етілген. Одан басқа, 600 үлескердің мүддесі үшін тағы 6 талап-арыз жолданады – бұл туралы облыс прокуроры Марат Әбішев атап өтті.
Біз барлық проблемалық құрылыс нысандарын бақылауда ұстаймыз.
2025 жылдың қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданына қарасты ірі орта мектептердің бірінде ерекше бастама қолға алынды. Аудандық прокуратура білім бөлімі мен мектеп әкімшілігінің белсенді қолдауымен өмірлік қиындыққа тап болған жасөспірімдерді өз қамқорлығына алды.
Осылайша «Күш-бірлікте» деп аталатын көшбасшылар клубы дүниеге келді.
Ең бастысы — 7–8-сыныптың 23 оқушысына жаңа тыныс ашылды. Күдіктеніп қарағаннан гөрі, сенім артты. Түзетуге тырысқаннан гөрі, қолдау көрсетті. Оларды спортқа, шығармашылыққа, бірлескен істерге жұмылдырды. Нәтижесінде үш айдың ішінде тәртіп бұзушылықтың орнына – жетістіктер, немқұрайдылықтың орнына – белсенділік, тұйықтықтың орнына – сахнада жарқыраған өнер келді.
Тағы бір айрықша жайт – прокурордың қатысуы ресми жиындармен шектеліп қалмауы. Ол негізгі жұмысынан қолы босаса болды, мектепке барып, балалармен әңгімелесті, теннис және басқа спорт түрлерін бірге ойнады, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Балғын жүректерге дәл осындай қарапайым да шынайы сәттердің әсері мол болды. Олар расымен сенімге ие екенін, жандарында көмек қолын созуға даяр ересектер бар екенін ұғынды.
Ал бұл бастаманың сәтті жүзеге асуына мектеп директоры мен мұғалімдердің қосқан үлесі өлшеусіз. Балалар үшін қолайлы орта жасалып, өзін қажетті, естіген, қабылданған күйде сезінуіне бар жағдай жасалды.
Оқушылар өз күштерімен «Наурыз – Мейірім мен бірліктің мерекесі» атты мектептік шараны ұйымдастырып, әр жасөспірімге қажетті дүниенің бір ғана мүмкіндік пен оған деген сенім екенін дәлелдеді.
Жеке өзімнің ойым: ересектер шынайы қамқорлық көрсеткенде – тек балалар ғана өзгермейді, өзіміз де түбегейлі трансформацияға ұшыраймыз. Себебі жүрегіміздегі ізгілікке, мейірімге деген сеніміміз жаңғырады. «Мәселесі көп» деп жүрген бұл жеткіншектер, шын мәнінде, бізден тек түсіністік пен ықыласты күткен екен. Міне, осындай жаңаша бастамалар арта түссе екен дейміз. Өйткені қуатты мемлекет – ең алдымен сенімге ие, сыйлы және даусы естілген жас буыннан бастау алады.
#ЗаңжәнеТәртіп
#Қоғамдауысы
#Құқық