«Зайырлылық», «Ұлттық құндылық», «Рухани жаңғыру»

Ақтөбе облыстық Білім басқармасы, Ақтөбе автожол  колледжімен  бірлесе отырып 2017 жылдың 17 қараша күні колледж базасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  жолдауы аясында  «Зайырлылық», «Ұлттық құндылық», «Рухани жаңғыру» тақырыбында Ақтөбе облысындағы колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған облыстық семинар (дөңгелек үстел)  өткізеді.

Облыстық семинарға:

Ақтөбе облыстық білім басқармасы қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің;

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының;

Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаментінің;  

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің;

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полициясының;

Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының;

Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы Сазды полиция бөлімінің;

Ақтөбе қалалық прокуратурасының өкілдері шақырылды.

Семинардың мақсаты:  Білім беру жүйесіндегі жеке тұлғаның қазақстандық патриотизмін қалыптастыра отырып, халықтың ұлттық және рухани құндылықтары мен дәстүрлеріне деген көзқарасын дамытудың негізгі қырлары.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары