РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ - БОЛАШАҚҚА БІРГЕ!

 

2025 жылғы сәуір айының соңында Атырау қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жұмысшы жастар бас қосқан ауқымды форум өтті.

Үш күнге созылған форум жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін күшейту және тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Қатысушылар Атырау қаласының тарихи-мәдени нысандарын аралап, өңірмен танысты. Форумның салтанатты ашылуында
* Атырау облысының әкімі - Серік Шәпкенов,
* ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары - Біржан Әлімжанов құттықтау сөз сөйледі. Сенат депутаты - Геннадий Шиповских, мәжіліс депутаты - Дәулет Мұқаев, «Талап» АҚ президенті - Санжар Тәтібеков, Enbek.kz өкілі - Айгерім Мырзалы, «Теңізшевройл» мен NCOC компанияларының басшылары бірқатар өзекті тақырыптарға тоқтала өтті.

TEDx форматындағы шабыттандырушы кездесулер өтті. Елге еңбегімен танылған спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, практикалық тренингтер өтіп, Сарайшық мұражайына саяхат және Жұмысшы жастар аллеясының ашылуы өтті.

Жастар форумына 200 жуық жас қатысып, түрлі бағыттағы жобаларын ұсынды. Форум аясында ұйымдастырылған «Ең үздік жоба» байқауында 6 жоба үздік деп танылды.

Ақтөбелік жас Роберт Мифтахетдинов өзінің «Мастера своего будущего» жобасымен көзге түсіп, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алып, 500 000 тг сертификатпен марапатталды.
#AQTOBEJASTARY

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары