Педагогтерді жұмысқа қабылдау конкурсы
Ақтөбе қаласы "Ақтөбе автожол колледжі" МКҚК-ДА педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурызындағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурызындағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Колледждегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының "enbek.kz" сайтынан, инстаграм "aazhk.aktobe" инстаграм парақшасынан көруге болады.
Конкурсқа жарияланған бос орын:
- Директордың Кәсіптік жұмыстар жөніндегі орынбасары (тұрақты)
- Полиграфия өндірісінің жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу. Өндірістік оқыту шебері. (декреттік демалыс орнына)
- Полиграфия өндірісінің жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу - оқытушы.(тұрақты)
- Тоңазытқыш жабдықтарының өндірістік оқыту шебері.(тұрақты)
- Тоңазытқыш жабдықтарының оқытушысы. (тұрақты)
Конкурсқа қажетті құжаттар:
- осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат;
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжат;
- медициналық анықтама 075 У форма;
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- үлттық біліктілік тестілеу сертификаты;
- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.12.-26.12.2025 ж. аралығында өткізеді.
Құжаттарды тексеру, комиссия отырысы жеті жұмыс күні аралығында өткізіледі.