2018 жылдың 1 маусымында «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында техникалық және кәсіптік білім берудегі цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында Ақтөбе автожол колледжінде колледж оқытушылары үшін АКТ сауаттылығы бойынша үш күндік семинар-тренинг өтті, онда оқытушылар келесі бағдарламалар бойынша білім алды:

  1. Бағалау құралдары (Google нысандары, Оқу бағдарламалары)
  2. Google Docs қызметін пайдалану
  3. Socrative.com сайтын пайдалану
  4. Prezi-де интерактивті флэш тұсаукесер жасау.
  5. QR-код сканерлерін қолдану

 

1 маусым Балаларды қорғау қүніне орай Ақтөбе автожол колледжінің кəсіподақ ұйымы қызметкерлердің балаларына арнап мерекелік іс-шара өткізді.

«Бақытты бала жобасы» аясында 1 маусым Балаларды қорғау қүніне орай Ақтөбе автожол колледжінде 31.05.2018 ж күні «Біз таңдаған мамандық» тақырыбында білім алушылар арасында сайыс өтті. Сайысқа 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының «Техник-механик», «Электрмеханик», «Автослесарь» біліктілігі бойынша білім алушылар қатысып өзара бақ сынасты. Мақсаты - таңдаған мамандыққа деген қызығушылықты арттыру және білім алушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, осы мамандықты игерудегі теориялық және практикалық білім мен дағдыларды сынау. Байқау соңында белсенділік көрсетіп, теория мен тәжірибені ұштастыруда жоғары біліктілік деңгейімен көзге түскен білім алушылар Алғыс хаттармен жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары