«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасына сәйкес Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығымен Ақтөбе автожол колледжі бірлесе отырып 2018 жылдың 23 сәуір күні «Колледждің басым бағытының бірі – куратордың жұмысының тиімділігін арттыру» тақырыбындағы облыстық кеңес – семинарын өткізді. Семинардың мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесін жетілдірудің жолдарын іздеу және топтарда тәрбиелік жүйенің үлгісін құру мақсатында топ жетекшілерінің ұстанымдарын қалыптастыру. Семинарға Ақтөбе облысы Ішкі істер Департаментінен, облыстық Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасынан, және Ақтөбе облысының колледждерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ кураторлары қатысты.

20 сәуір 2018 оқу жылы Ақтөбе автожол колледжінде сенбілік өтті. Білім алушылар белгіленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Жауапты оқытушылар гүл егіп, абаттандыру жұмыстарын бастап кетті. Біз тазалықты қолдаймыз!

20 сәуір 2008 оқу жылында Ақтөбе Автожол колледжінде Нұрлы ақпараттық кеңсе беру орталығының теолог маманы Разақ Т.Н. жастарды жалған діни идеологиясынан сақтандыру мақсатында 1 курс білім алушыларына дəріс өткізіп, толық мəлімет берді.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары