101топ білім алушылары қалалық сенбілікке белсене қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Топ жетекшісі: Адилханова Л.А. 2022-23 оку жылы
Ақтөбе автожол колледжі кітапхансының меңгерушісі Ж.Қ.Салауатова Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2022 – 2025 жылдарға арналған «Жас талап» жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылдың 27-28 сәуірінде Республикалық ғылыми – педагогикалық кітапханасы ұйымдастырған «Kitap Fest – 2023 білім әлемінде» тақырыбында колледж кітапханашыларына арналған Республикалық семинарға қатысып, «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асырудағы кәсіби шеберлігі, колледж студенттеріне көркем шығармаларды оқытудағы жетістіктері, жас ұрпақты әдебиет арқылы тәрбиелеудегі қол жеткізген нәтижелері үшін марапатқа ие болды.
Ағымдағы жылдың 21 маусымында облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен өткізілген "Кәсіподақ: тұрақты қолдау, тұрақты құрмет" салтанатты шарасында колледждің оқытушылары Н.Н.Майстренко мен Ж.А.Абимолдина білім беру саласындағы нәтижелі еңбегі, кәсіби біліктілігі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктері үшін "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ және "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы" ҚБ - ның АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстанның демалыс орындарына жолдама табысталды. Оқытушы мамандағы әлемдегі ең құрметті, ең асыл мамандықтың бірі екенін мойындай отырып, оқытушыларымызға қажымас қайрат, шығармашылық ізденістер, зор денсаулық тілейміз.