Warning: Illegal string offset 'relative' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 626

Warning: Illegal string offset 'pathOnly' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 627

Warning: Illegal string offset 'detectBrowser' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 628

Warning: Illegal string offset 'detectDebug' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 629

Warning: Illegal string offset 'relative' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 632

Warning: Illegal string offset 'detectBrowser' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 632

Warning: Illegal string offset 'detectDebug' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 632

Warning: Illegal string offset 'pathOnly' in /var/www/vhosts/aadk-edu.kz/httpdocs/libraries/src/HTML/HTMLHelper.php on line 635
Ақтөбе автожол колледжі - Колледж тарихы
Login
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Колледж тарихы

 

Колледждің даму тарихы

 Қазақ  ССР  Министрлер  Кеңесінің  кәсіптік-техникалық білім беру және өнеркәсіп Министрлігі бұйрығы бойынша  1974 жылы  15 қазанда  № 18 Техникалық училище  (ТУ-18) құрылды. Бірнеше жылға созылған уақыт ішінде техникалық училище өзінің мәртебесін бірнеше рет өзгертті: әуелі  №23 гПТУ, содан кейін  КТУ-23, сосын  КТМ – 23 және  КТЛ-6.
 Бастапқы кезде Ақтөбе кондитер фабрикасы үшін мамандар даярлады.  Осы бағытта 16 жыл қызмет ішінде оқу орны  инженер-педагогикалық мамандармен толықтырылып, материал – техникалық базасы нығайды.
 Училищені бітіргендер мамандықтары бойынша өндіріс орындарында қызмет жасап, жақсы маман болғандықтарын көрсетіп, еңбек озаттары қатарында болды.
 1992-1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының оқу корпусына берілген. 
 1997 жылы қайтадан  №1  мектеп аралық оқу комбинатын, №14 кәсіптік техникалық мектепті біріктіріп  №23  Кәсіптік – техникалық мектеп болып өзгертілді.
 1997 жылдың қыркүйек айынан № 23 КТМ орта кәсіптік училищеге ауысып, жұмысшы кадрларды дайындады (автомеханик – 2топ, бухгалтер – 1топ, дәнекерлеуші – 1топ және аспазшы – 1топ).         
 2000 жылдан  №6 Кәсіптік лицей аталды. Негізгі мектепті бітірген 9   класс оқушылары және орта мектепті бітірушілер 7  мамандық бойынша білім алады.
 2001 жылы Ақтөбе облысы бойынша «Ең үздік лицей» атағын алды.
 Білім алушылар оқу орнын аяқтағанда арнайы дипломмен қатар орта білім аттестатына ие болады.
 2003 жылдың сәуір айында ҚР бойынша № 6 лицей  Европалық «Tacis» бағдарламасын алдыңғы қатарлы алты оқу орнының бірі болып қабылдап, жұмыс жасады.
 2005 жылдан бастап лицейдің материалдық базасын нығайту бойынша көптеген жұмыстар жүргізіліп, кабинеттер, шеберханалар, лабораториялар жаңа оқу құралдарымен, көрнекіліктермен, электрондық оқулықтармен  жабдықталуда. 
 Инженер – педагогикалық ұжымда бірінші және жоғары санатты оқытушылармен қатар кандидат, магистрлер еңбек етеді.
 2007, 2008, 2010 жылдары лицей спортшылары  Кәсіптік лицейлер арасындағы облыстық спартакиадаға қатынасып І жүлделі орындарға қол жеткізді.
 2010 -2011 жылдары арнаулы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері облыстық байқауға қатысып, 2010 жылы 2 арнаулы пән оқытушысы 3 өндірістік оқыту шебері, ал  2011 жылы 1 арнаулы пән оқытушысы және 2 өндірістік оқыту шебері  облыс әкімінің грантын иеленді, облыстық деңгейде дипломдармен және алғыс хаттармен  марапатталды.
 Ақтөбе облысы әкімінің 2012 жылдың 10 маусымындағы № 240 қаулысы бойынша № 6 Кәсіптік лицей  Ақтөбе автожол колледжі  болып  өзгертілді.