Колледж базасында «Темекінің адам ағзасына зияны» тақырыбында семинар өтті. Семинарға колледжіміздің 207 және 109 топтары қатысты. Колледж оқытушысы Байжанова Р.У. ұйымдастыруымен «Арасан Ақтөбе» ЖШС эпидемиолог-дәрігері Қосаев Н.Т. қатысып студенттерге темекінің зияны туралы айтып өтті.

Ақтөбе Автожол колледжінде І курс арасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша білімдерін шыңдай білу мақсатында ұйымдастырылған олимпиадада білімін жоғары деңгейде көрсеткені үшін қатысушылар мен жетекшілері марапатталды.

«Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат!» атты сыныптан тыс шара

2017 жылдың 13 наурызында қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Базарбаева Динара 104 тобында  «Ата-баба дәстүрі - ұрпаққа аманат!»  атты сыныптан тыс шара өткізді. Сыныптан тыс шара сайыс түрінде жүрді. Сайыс 3 кезеңнен  тұрды: 1-кезең«Бәйге», 2-кезең «Полиглот», 3-кезең «Қызықты сұрақтар», 4 кезең «Суреттер сөйлейді». Өнерлерін көрсете білген топтар мен капитандары дипломдармен марапатталды.

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных