Колледж студенттері апта сайын тазалықты сақтау мақсатында сенбіліктер өткізеді. Сенбіліктің мақсаты: Қаламызды таза әрі көрікті қалаға айналдыру және қала тұрғындарын экологиялық тазалықты сақтауға шақыру.

Колледж территориясында аумақ бойынша барлық топтар мен топ жетекшілері сенбіліктер өткізді. Әрбір сенбі күндері колледжімізге бекітілген Жеңіс даңғылы, «Әлия» ескерткішінің жанындағы аумақ және Гришин көшесін тазалау жұмыстары жүргізіліп, 50 көшет отырғызылды.

«Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қарасты №3 қалалық кітапхана 2017 жылдың мамыр айының 4-і күні, Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш Орда идеясынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыптық – оқырмандар конференциясын ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты: алты алашқа аттары мәлім, қоғам қайраткерлерінің қоғамдық – саяси әрекеттері мен ғылыми еңбектерімен жан-жақты танысып, азаттық жолындағы арпалысын, азулы тұлғалардың Алашорда үкіметін құру жолындағы еңбектерін саралау; Ұлт-азаттық қозғалыс жолында погресшіл рөл атқарып, артына өшпес із қалдырғандарын және бұқаралық санаға шындықтың, ұлт егемендігі үшін күрестің мақсаттылығын ұялатқанын зерделеу; Ұлт жолында құрбан болған Алаш арыстарының айбынды еңбектерін, олар туралы кітаптарды оқырмандарға, болашақ ұрпаққа өнеге етіп, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескенін насихатау. 

14.02.2017-24.02.2017 жылы аралығында «Бүкіл әлем мен үшін» тақырыбында психологиялық онкүндігі өз деңгейінде өтті. Жоспар бойынша барлық  шаралар өткізілді. Колледж барлық қызметкерлері мен 1-3 курс білім алушылары қатысым жасады.

           Психологиялық қызметтің онкүндік мақсаты: білім  алушы жас жеткіншектер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын-алу,  психологиялық ахуалды жандандыру, жақсарту, өмірдегі адамгершілік, отбасылық, татулық құндылықтарын түсіндіре отырып маңыздылығын сезіндіру, психологиялық  саулығын сақтау және нығайту бойынша  жағдай жасау;

 Міндеті :

-колледж ұжымымы мен студенттерді ұжымшылдыққа бастау;

-әр тұлғаның бір ұжым екендігін сезінуге көмектесу;

-топтық ұжымдардың тұлғарарлық қарым-қатынастарын жақсарту;

-оқытушылар мен білім алушылар арасындағы психологиялық хал-ахуал деңгейін жақсарту және зерделеу.

 Әр өткізілген шараның  мақсаты қойылып, сайыс, ойын элементтері, терапиялар қолданылды.

Консоль отладки Joomla

Сессия

Профилирование

Использование памяти

Запросы к базе данных