Ақтөбе автожол колледжінің ішкі тәртіп ережесі

Ақтөбе автожол колледжінің ішкі тәртіп

ЕРЕЖЕСІ

Білім алушы міндеті:

  1. Білім алушы білім мен мамандық тәжірибесін жүйелі, терең игеруге;
  2. Білім алушы салауатты өмір салтын сақтау үшін спортпен, дене шынықтырумен айналысуға;
  3. Білім алушы оқу жоспарында және оқу бағдарламасында қарастырылған оқу сабақтарына қатысуға және белгіленген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға;
  4. Білім алушы қоғамдық-пайдалы еңбекке және колледждегі өткізілетін аудиториядан тыс барлық іс –шараларға қатысуға;
  5. а)оқытушылар аудиторияға кірген кезде студент орындарынан тұрып амандасуы керек;

б) сұрақ-жауап кезінде оқытушыны және студент жауаптарын мұқият тыңдауға, өзге істермен айналыспауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауы керек;

в) сабақ кезінде студент аудиториядан оқытушының рұқсатымен кіріп-шығуы керек;

г) аудиторияда, лабораторияда, шеберханада, өндірістік оқыту тәжірибесіндегі нұсқаған оқулықтарды, оқу құралдарын және басқа да құралдарды пайдалануы керек;

ғ) сабаққа денсаулығына байланысты немесе  басқа да себепті жағдайда келмей қалған кезде бұл жөнінде бөлім меңгерушісіне немесе топ жетекшісіне ескертіп, растайтын құжат көрсетуі міндетті. Егер себепсіз келмей қалған жағдайда білім алушы 1 парға 200 теңге көлемінде колледждің есеп бөліміне айыппұл төлеп, пән оқытушысына түбіртегін көрсетіп, жіберген сабақ тақырыптарын тапсыруға міндетті.

д) оқу корпусындағы мүліктердің таза сақталуын қарау керек;

ж) «Білім туралы» заңының 47-бабының 15-1 тармағында білім  алушылар мен тәрбиеленушілердің міндеті ретінде колледжге білім алушы формасында ( классикалық үлгіде ұл балаларға - ақ көйлек, қара шалбар, қыз балаларға - ақ жейде, қара белдемше ) киініп, таза аяқ киіммен келуі;

з) колледжге кешікпей келуі керек, кешіккен жағдайда кезекші  мұғалімнің рұқсатымен ғана сабаққа жіберіледі немесе колледждің ішкі тәртібіне сай қоғамдық - пайдалы еңбекке тартылады.

и) өзі жұмыс істеп отырған кабинетте, лабораторияда, шеберханада тазалықты сақтауы;

к) колледж мүлкін ұқыпты сақтауы тиіс және өз заттарына ие болуы;

л) көгалдандырылған  жерлерді сақтауы  тиіс, егер бүлінген жағдайда қалпына келтіруі тиіс;

м) оқулықтардың, кітаптардың беттерін жұлмай, белгі, сурет салмай таза, ұқыпты ұстауы;

н) дәріс, баяндама кезінде, концерттерде білім алушы өзін мәдениетті ұстауы керек, яғни жанындағылармен сөйлеспей, кедергі келтірмей, бір орнынан екінші орныға көшпей, мерекелік іс-шаралардың аяқталуын күтулері тиіс;

о)  білім алушы колледж  мүлкін бүлдірген жағдайда өз ақшасын немесе ата-анасының есебінен жөндеу жұмыстары жүргізуі;

  1. әрбір білім алушы кезекші мұғалім талап еткен жағдайда өз тегін, тобын айтуға;
  2. Егер білім алушы сыртқы келбетін дұрыс ұстамаған жағдайда топ жетекшісі тәртіп бұзушыны үйіне қайтаруға құқылы және бұл жөнінде ата-анасына (заңды өкіліне) хабарлауы керек.
  3. Білім алушыға тыйым салынады:

а) сабақ кезінде ұялы телефонды қолдануға, қымбат заттар әкелуге;

ә) сыртқы киіммен жүруге, денесін (ішін, белін, кеудесін) жалаңаштауға, сақал қоюға, көз тартатын бет бояуларын жағуға;

б) басқа үлгідегі киім үлгісін (хиджаб, қысқа шалбар киюге);

в) сабақ кезінде оқу корпусында бос жүруге, үзіліс кезінде қатты сөйлеуге, айқайлап шулауға, дәлізде жүгіруге;

г) оқу корпусында шылым шегіп, дөрекі сөздер айтуға;

д) колледжге сабаққа қатысы жоқ заттарды алып келуге;

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары