Тәрбие жұмысының мақсаты:
Оқушылардың бойына халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру, жан – жақты дамыту.
Тәрбие жұмысының міндеттері:
- оқушылардың ақыл – ой және дене қабілеттерінің үйлесімді қалыптасуы мен рухани
дамуына ықпал ету;
- жалпы адамзаттық құндылықты бейнелейтін әдеп, саяси – құқық бағдарламаларды жүзге
асыруға ықпал ету;
- қазіргі ғылыми біліммен байытуға, дүниежүзілік өркениет құндылықтармен
қаруландыруға үнемі ниеттендіруді қалыптастыру;
- негізгі табиғат қорғау дағдыларын, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу қабілетін
қалыптастыру;
- білім негізінде өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру және денсаулық-
қа зиянды заттарды қолданудан бас тартуға үйрету;
- жақсы сезім, мінез – құлық, тәртіп жауапкершілік, ар – ұят, борыш, парыз, адамгершілік,
имандылық қасиеттерін дамыту.