×

Қателік

[OSYouTube] Alledia framework not found

17.11.2023ж «Оқуға құштар колледжі» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе автожол колледжінің кітапханасы білім алушылар арасында көркем әдебиет оқуды әдетке айналдырған студенттерді анықтап олардың әрі қарай да көркем шығарма оқуына қолдау жасау және кітапты өзінің жан серігі ететін оқырмандарды үлгі ету мақсатында «Оқуға ең құштар топ» сайысын ұйымдастырады.
Сайыс қызықты әрі танымды өткізілді. Білім алушыларға «Кітап –асыл қазына» сөзінің сырын ашатын, кітап оқудың пайдасы туралы, кітап оқу мәдениетіне бағыттайтын мотивациялық мәліметтер берілді.
Сайысқа Қатысушы топтар өздерінің білімдерін, білгірліктерін және көп оқығандықтарын көрсетті.Өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап шығармадан өздеріне алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында үздіктер
I дәрежелі Дипломмен 103 топ кураторы А.Д.Жиенгазина және білім алушылар Көшербаев Қайрат,Аманқос Аслан
II дәрежелі Дипломмен 106 топ кураторы А.Қ.Бадауова және білім алушылар Лекер Ернур, Смағұл Айболат
III дәрежелі Дипломмен 104 топ кураторы
Ж.Қ.Салауатова және білім алушылар Жумашева Аружан,Ондасын Нұрсейіт марапатталды.

<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/791FarR0rsI?si=rFToN567JwBYzoLt" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Жастарға танымдық тәрбие беру, рухани және ұлттық құндылықтарды насихаттау, бабалардың батырлығын дәріптеу, тарихын құрметтеу, әрі мақтан етуге баулу мақсатында студенттер қазақ халқының біртуар ұлы, халық батыры Есет Батыр Көкіұлы кесенесіне барды. Ақтөбе қаласынан 44 шақырым жердегі Бестамақ ауылында орналасқан Есет батыр кесенесі - бірден- бір тарихы терең көркем ескерткіш. Кесенеде тарихи тұлғаның рухына зиярат етіп, құран бағыштады. Сонымен қатар Есет батыр мемориалдық кешенін аралап, батыр бабаның ғибратты ғұмыры, қайсар батырлығы, ұрпақтары мен рухты сөздері туралы мол мәлімет алды. Әсіресе XVIII ғасырдан жеткен батырдың сауыты мен тарихи хаттар жастарға ерекше әсер етті. Әрбір жас ұрпақ өз елінің терең тарихын, бабаларының ерлік істерін білуі және жадынан шығармауы тиіс. Мұндай тарихи экскурсиялар олардың патриоттық сезімін арттырып, бабалардың теңдесі жоқ ерлігін бағалап құрметтеуге, жастардың рухани дамуына, батылдық, адамгершілік сезімдерін нығайтуға үлкен ықпал ету.

“Біртұтас тәрбие бағдарламасын” іске асыру жөніндегі кешенді жоспар негізінде “Менің ата-анамның жұмысындағы бір күн” тақырыбында түсірілген  видеоролик. 106 топ білім алушысы Жолдан Мәдидің анасы  Касымова Жаңагүл Алдабергеновна

«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі КЕШЕНДІ ЖОСПАР негізінде колледждің білім алушылар арасында «Ұлттық колледж лигасы» жобасы аясында «Тоғызқұмалақ-day» тоғызқұмалақтан жарыс өткізілді. Жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.

Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген ГІР СПОРТЫНАН Ақтөбе қаласының чемпионатына 205 топтың білім алушысы Сейтмухамбет Береке қатысып жүлделі І орынды жеңіп алды. Жеңіс құтты болсын!

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары