Бүгін Ақтөбе автожол колледжінде Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелеткетолмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Ақтөбе жастары» жобасы аясында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында колледжіміздің білім алушылары мен ата-аналары Қазақстан әкелері РҚБ төрағасы,Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі Кулов Амангос Амангелдиевичпен, «Қоғам тірегі» қорының директоры Анапин Динмухамед Жанибековичпен және Ақтөбе қаласының ПБ аға инспекторы полиция капитаны Жумабаев Алмас Берікұлымен кездесу өтті.Кездесу барысында білім алушылар мен ата-аналарға толық ақпараттар беріліп, пікір алмасты, білім алушылар мен ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарына жауап берілді

Хэштег :

#Ақтөбежастары

#балақұқығы

#праваребенка

@gulnazsaginovna

@genderkzpn

<iframe width="402" height="715" src="/

" title="WhatsApp Video 2023 09 23 at 21 01 51" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

" Менің жетістігім менің нәтижем" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Білім алушылардың өздері таңдаған мамандығын одан әрі толықтырып түсіндіру, қызығушылығын арттыру арқылы жетістікке жетіп, нәтиже шығаруға ынталандыру. Топтар:108У, 109У, 201. Топ кураторлары: Атабаева Г.А., Баймұханова А.Б.,Адилханова Л.А.

<iframe width="560" height="315" src="/

" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

<iframe width="402" height="715" src="/

" title="WhatsApp Video 2023 09 21 at 18 37 20" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Бүгін “Еңбек күні” іс-шарасының аясында 305 “Техник” тобында “Менің жетістігім - менің нәтижем” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: білім алушыларға өз мамандықтарын мақтан тұтуға, білікті де білімді, сапалы да кәсіби мамандықты игеріп жатырғандықтарына түсінік қалыптастыра отырып, тәрбиелеу. Жауапты топ кураторы: Туремуратова Г.У

<iframe width="560" height="315" src="/

" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.   «Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады.

Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан кейін айтыс өнерінің дамуы күрт жылдамдады. Бұл тұста азат тіліміздің тұсауы кесіліп, айтыс ақындарының еркін ой толғап, кең көсіле шабуына ерікті жол ашылды. Әр аймақтағы ақындық мектептердің тамырына қан жүгірді. Осы тұста бүгін колледжімізде өңірімізден шыққан Республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегерлері  Жұлдыз Қожабекова мен Данияр Алдабергенмен кездесу өтті. Кездесу барысында ақындық өнердің қиындығы мен қызықты тұстары туралы әңгіме өрбіді. Білім алушылардың сауалдарына жауап бере отырып, ұлттық өнерге деген құрметтерін арттырып, қызығушылықтарын оятып, арнау арнап берді.

Батыс өңірі дәстүрін жалғастырған Жұлдыз Қожабекова мен Данияр Алдаберген Ақтөбе өңірінен шыққан өзіндік қолтаңбалары анық көрінетін ақиық ақындар. Кешегі Ұлбике, Саралардың жалғасы іспетті Жұлдыз Қожабекова  айтыстың байрағын жықпай көтеріп келе жатыр. Бұлар бүгінгі заманның еркесі, сүйіктісі. «Алдынғы толқын – ағалар, соңғы толқын – інілер» деп ақын Абай атамыз айтқандай, аға буын ақындар тобына жаңа буын – жас ақындар легі қосылды. Осындай жалынды, ұшқыр ойлы, қырағы ақындарымыз  барда ұлттық өнеріміз ешқашан өлмек емес. 

Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру басты мақсат.

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары