11-ақпан 2021 жылы «Ақтөбе автожол колледжі" МКҚК-да жұмысшы персоналды, колледж түлектерін, сондай-ақ "Жас маман" жобасы шеңберінде мамандықты өз бетінше игерген тұлғаларды сертификаттауды ұйымдастыру мақсатында «Құзыреттілікті бағалау орталығы» құрылымдық бөлімшесінің ашылуы өтті. Орталықтың салтанатты ашылуына Ақтөбе облысының білім басқармасының, Ақтөбе облысының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері және колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды.

Бұл жобаның негізгі мақсаты-сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу. Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұранысқа ие 100 мамандықтың тізімін анықтады. Аталған тізімге біздің колледждің 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», 1227000 «Баспа өндірісі», 1119000 «Тоңазытқыш – компрессорлық машиналар мен қондырғылар» мамандықтары енді.

   

 

            "Жас маман" жобасыҚазақстан Республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылдың 23 қаңтарында Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуында берген тапсырмасы негізінде әзірленген.

          Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігі сұ­ранысқа ие 100 мамандықтың тізімін анықтады. Осы тізімнің ішіне біздің колледжімізде оқытылатын:

  • 1201000 «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»
  • 1227000 «Баспа өндірісі»
  • 1119000 «Тоңазытқыш – компрессорлық машиналар және қондырғылар» мамандықтары енді

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары