"Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану"  бөлімі

 


"
Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету,жөндеу және пайдалану " бөлімінің меңгерушісі, физика магистрі

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТ АЙМАҒЫ

  • Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау.

 

Мамандығы: 1201000 - «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Мамандық бойынша біліктілік:

  • 1201123 Техник – механик

120107 2 Автокөлік жөндеу слесары

120109 2 Көлік жөндеу шебері

  • 1201052 Автокөлік менеджері
  • 1201023 Автокөлік диспетчері
  • 1201113 Электромеханик

 

Мамандық атауы: 07161300 «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Біліктілігі: 4S07161304 – «Техник – механик»

Мамандық атауы: 07130700 «Электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша)»

Біліктілігі: 4S07130704 – «Техник – электромеханик» 

КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРЛЕРІ

Кәсіби қызметтің объектілері - техникалық қызмет көрсетуді басқарумен және ұйымдастырумен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдар. Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын жөндеуге және пайдалануға арналған, меншіктің әр түрлі нысандары: автокөлік кәсіпорындары, автожөндеу және техникалық қызмет көрсету станциялары және т.б.

 

КӘСІБИ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

  • Оқыту модульдік және дуальды оқыту түрінде жүзеге асырылады.
  • Оқу шеберханаларында оқыту заманауи, кәсіби қондырғыларда, мысалы, портативті мотор тестері BOSCH, AutoScan және т.б., сондай-ақ стартер мен генераторды сынау үшін жұмыс стендтерінде, бензин қозғалтқышы үшін мультиплексорлы электронды басқару жүйесінде, «Активті инжекциялық қозғалтқыш» зертханалық стенді, электр станциясының гибридті басқару жүйесімен жұмыс істейтін автомобиль моделі және т.б. жүзеге асырылады.
  • Қорытынды аттестаттау дипломдық жоба қорғау (жұмыс модельдері мен стендтерін құру) түрінде жүзеге асырылады.
  • Кәсіби шеберлік конкурстарына және World Skills ұлттық чемпионаттарына 3 құзыреттілік бойынша қатысу: «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Дизельдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Шанақ жұмысы».
  • Теориялық сабақтарды түсіндіру және колледж шеберханаларында зертханалық – тәжірибелік сабақтармен қортындыланатын интеграцияланған сабақтар, сондай – ақ өндіріс мамандарының қатысумен шеберлік кластар жүргізіледі, Қаланың автокөлік кәсіпорындарындағы оқу үрдісінің кестесіне сай өндірістік тәжірибелер және технологиялық тәжірибелер өткізіледі.

 

  • Мамандық бойынша әлеуметтік серіктестіктер

 

  • ТОО "Данай Актобе"
  • ТОО "Автодвигатель"
  • ТОО "Вест Моторс"
  • ТОО "Трансмиссия"
  • ТОО "Елек Лада"
  • ТОО "ПЕГАС" 
  • ТОО "Шинторг центр Ақтөбе"
  • ТОО "Тойота центр"и т.б.

«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:      

1. Қоса беріліп отырған Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.      

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):                          1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;                                                                                                                                                                                     2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;                                                                                                                                                       3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;                                                                                       4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.   

  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.   

    4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары