01.03.2023ж күні экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері колледждің білім алушыларына ойынқұмарлық, лудомания, алаяқтық, банк қосымшалары арқылы құрықтау және т.б. туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, студенттердің қойған сауалдарына жауап берді.

ІІ жарты жылдық бойынша ҚР Үкіметінің 320 қаулысы 6- тармағына сәйкес ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" каулыға сәйкес ыстық тамаққа құжат қабылданып, рәсімделіп, талқыланды.

2023 жылдың 14.02-17.02 аралығында "Оқу процесінде критериалды бағалауды қолданудың әдіс-тәсілдері" тақырыбында Ақтөбе автожол колледжінің педагогтері арасында әдістемелік отырыстар өткізілді және Оқу -ағарту министрінің 30.12.2022 жылғы №533 бұйрығына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары