2022-2023 жылы өтетін Worldskills Kazakhstan - 2023 ұлттык кәсіби шеберлік чемпионатында "Жеңіл автокөліктерге ТҚК, жөндеу және пайдалану" құзіреттілігі бойынша Абуов Рахметолла Ибраимович бас эксперт болып тагайындалды. Және де "Шанак жұмыстары"құзіреттілігі бойынша Хасенов Талғат Сембаевич бас эксперт болып кайта тағайындалды.
Колледжіміздің арнаулы пән оқытушыларын осындай жағымды жаңалықтарымен құттыктаймыз. Жауапкершілігі мол жұмыстарынызга шығармашылык ізденістер мен шабыт тілейміз.

????Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ төрағасы Ж.Табылғановтың ұйымдастыруымен және Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені КММ-нің қолдауымен, арнайы пән мұғалімі Г.Исмагилова жетекшілік ете отыра 201 топ студенттері: Алихан Батиев, Тоқтар Алтай, Нұргелді Нұрсұлтанұлы колледж студенттерінің шаштарын қиып қайырымдылық жасады.
????Ұйымдастырушылармен бірге қолдаушыларға игі істеріңіз үшін ризашылығымызды білдіре отыра алғыс айтамыз!

2022 жылдың 15-қарашасында Ақтөбе автожол колледжінде алғаш рет «Жұмыс беруші күні» атап өтті.
Мақсаты: кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен тиімді өзара іс-қимыл жасау, әлеуметтік серіктестер тарапынан бос жұмыс орындарына түлектерді тарту.
Жұмыс беруші күні колледждің «Полиграфиялық және орау өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша оқу тәжірибесінде жасалған жұмыстарының көрмесінен басталып, «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша зертханалық сабақтарда қолданатын құралдардың көрмесіне жалғасты.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары