Құттықтаймыз! Астана қаласының 20 жылдығына арналған "Астана - елімнің жүрегі" атты брейн - ринг облыстық интеллектуалды турнирінде үздік білімімен өнер көрсеткен колледжіміздің студенттерінен құралған 2 команда тарих пəндерінің оқытушылары Жиеналина А.Д. жəне Хусаинова А.А. жетекшілігімен жүлделі І орынға ие болды.

2018 жылдың 19 қаңтарында Ақтөбе автожол колледжінде Білім басқармасымен кезекті отырыс өткен болатын. Аталған шараға колледж директорларының оқу-өндірістік тәжірибе және оқу бөлімдерінің орынбасарлары қатысқан болатын. Отырыста дуалды оқыту, студенттердің жұмысқа орналасуы және "Развития продуктивной занятости и массового предпринимательства" бағдарламасы бойынша өзекті сұрақтар талқыланды.

12 қаңтар 2018 жылы Ақтөбе Автожол колледжі ұжымы Астана қаласының 20 жылдығына орай "Колледж директорының кубогі" қысқы спорттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Жарысқа 3 топ қатысып, 2018 жылғы директордың кубогін "Астана" командасы жеңіп алды. Олар өздерінің жеңістерін Астана қаласының 20 жылдығына арнайтындарын айтты.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары