30 қарашада Автожол колледжінде Тұңғыш Президент күніне орай "Мəңгілік - ел мұраты" интеллектуалды сайыс өткізіліп, колледж топтары жарысты. Жиеналина А.Д. жəне Маистренко Н.Н ұйымдастырған сайыста І орынды -103, ІІ орынды 109 жəне ІІІ орынды 107 топтары иеленген болатын.
Ағымдағы оқу жылының 25 қарашасында Ақтобе автожол колледжінің ғимаратында 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Ақтөбе автожол колледжі бірлесе отырып аймақтық студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы аясында «Студенттер көзімен Қазақстан Республикасының жаңа мүмкіндіктері мен даму болашағы» тақырыбындағы конференция Ақтөбе облысы мен Батыс өңірінің колледж студенттерінің басын қосты. Конференция жұмысы негізгі үш секциядан тұрады:
Алғашқы секция: «Үшінші жаңғырту мақсатында елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі кәсіптік-техникалық саладағы ізденістер»; Екінші секция: «Бес негізгі басымдылық аясындағы экономикалық, жаратылыстану ғылымдарының мәселелері»; Үшінші секция: «Рухани жаңғыру» бағытындағы филологиялық және гуманитарлық ғылымдарындағы ізденістер.
2017 жылдың 21 қараша күні Автожол колледжінде "Мен және менің өмірім" атты псиxологиялық тренингі 108у тобына өткізілген болатын. Тренингті өткізудің мақсаты: білім алушылардың өмірге деген бейімділігін арттыру, табандылық қарым-қатынаста болуларын қалыптастыру, өмірдің құндылықтарын сезіндіру.