Утемуратов Акимжан Мустаевич

            
          Автомобиль жолдары – ел экономикасының күре тамыры. Елбасы, Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев жол туралы «Жол – мемлекеттің айнасы» деп бекер айтпаған.
Автожол саласындағы алғашқы еңбек жолын 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін, Шалқар аудандық жол бөлімшесінде аға жол шебері қызметінен бастады.
Жол саласындағы білімді одан әрі жетілдіру мақсатында Өскемен жол құрылысы институтының Алматы облыстық филиалын сырттай оқып, 1992 жылы аяқтап , «Жол құрылысы-инженері» деген мамандыққа ие болды.
       Саналы өмірімнің 40 жылға жуық уақытын, осы жол саласына арнаған. Қатардағы аға жол шеберінен «Қазақавтожол» РМК Ақтөбе облыстық филиалы директоры лауазымына дейін көтерілді. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүрген ұзақ жылғы еңбегімнің арқасында 2020 жылы абыроймен құрметті зейнетке шығып, қазіргі таңда Ақтөбе автожол колледжінде арнаулы пәндерден дәріс беріп жатыр.
        Өз еңбек жолында 2005 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінен «Құрметті жолшы» омырау белгісімен , 2015 жылы ҚР Инвестициялар және даму мининстрлігінің «Құрмет грамотасымен» , және де 2011 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2013 жылы «Батыс Европа-Батыс Қытай» , 2018 жылы «Қазавтожол -20жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

      «Қазақстан экономикасының қозғаушы күштерінің біріне саналатын құрылыс саласындағы жоғары сұранысқа ие инженер, техник – құрылысшы мамандығын таңдауларыңызға әбден болады және одан қателеспейсіздер» деп өз ойын жеткізген Акимжан Мустаевич 1410000 «Автомобиль жолдарв мен аэродромдар құрылысы» мамандығында оқып жатқан білім алушыларға:
       -Жол құрылыс материалдары;
       -Жол құоылыс машиналары;
       -Автомобиль жолдарын салу технологиясы;
       -Жасанды құрылыстар және т.б. арнаулы пәндерден сабак береді.
«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деген қанатты сөзді алға қоя отырып, болашақ жол мамандарының еңбекте адал, шыншыл, батыл болуларын қалайды.

 

       Адал еңбек ердің досы,
      Бақ іздеудің жолы осы

      Автожол саласындағы алғашқы еңбек жолымды 1982 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітіргеннен кейін, Шалқар аудандық жол бөлімшесінде аға жол шебері қызметінен бастадым.
     Саналы өмірімнің 40 жылға жуық уақытын, осы жол саласына арнадым.Қатардағы аға жол шеберінен «Қазақавтожол» РМК Ақтөбе облыстық филиалы директоры лауазымына дейін көтерілдім. Қиыншылығы мен қызығы қатар жүрген ұзақ жылғы еңбегімнің арқасында 2020 жылы абыроймен құрметті зейнетке шығып, қазіргі таңда Ақтөбе автожол колледжінде арнаулы пәндерден дәріс беріп жатырмын.
        Ұстаздыққа келудегі негізгі мақсатым – кең іргелі, білімді меңгерген, ынталы, бүгінгі студент, ертеңгі бәсекеге қабілетті, жан – жақты дамыған, білікті маман даярлау.
        Автомобиль жолдары – ел экономикасының күре тамыры, оның басты ерекшеліктері:
- қолдануға икемді және басқа көлік түрлеріне қолайсыз аймақтарға көлік ретінде пайдалану;
- қосымша шығынсыз кез келген жүкті өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу мүмкіндігі;
- жүкті шапшаң, тез және дәл уақытында жеткізу, тасымалдауға қолайлы әрі ыңғайлы.
       Ел басы, Тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев жол туралы «Жол – мемлекеттің айнасы» деп бекер айтпаған.
     Қазақстан экономикасының қозғаушы күштерінің біріне саналатын құрылыс саласындағы жоғары сұранысқа ие инженер, техник – құрылысшы мамандығын таңдауларыңызға әбден болады және одан қателеспейсіздер деп ойлаймын.
      Сонымен қатар бұл мамандық сіздерден әрдайым ізденісті талап етеді. Себебі қазіргі таңдағы заманауи жол құрылысы технологиясы, оған пайдаланылатын құрылыс материалдары жыл сайын өзгеріп, жаңарып отырады.
     Соған сәйкес жастар, сіздер әр жаңалықтан қалыс қалмауға тиіссіздер. Үнемі ізденіс пен білімге деген құштарлықтың арқасында ғана сіз білікті инженер – құрылысшы (техник) атана аласыз.
    «Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен» деген қанатты сөзді алға қоя отырып, мен болашақ жол мамандарының еңбекте адал, шыншыл, батыл болуларын қалаймын. Адалдық адамның ең асыл қасиеті.

 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары