«Оқуға ең құштар топ»

17.11.2023ж «Оқуға құштар колледжі» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе автожол колледжінің кітапханасы білім алушылар арасында көркем әдебиет оқуды әдетке айналдырған студенттерді анықтап олардың әрі қарай да көркем шығарма оқуына қолдау жасау және кітапты өзінің жан серігі ететін оқырмандарды үлгі ету мақсатында «Оқуға ең құштар топ» сайысын ұйымдастырады.
Сайыс қызықты әрі танымды өткізілді. Білім алушыларға «Кітап –асыл қазына» сөзінің сырын ашатын, кітап оқудың пайдасы туралы, кітап оқу мәдениетіне бағыттайтын мотивациялық мәліметтер берілді.
Сайысқа Қатысушы топтар өздерінің білімдерін, білгірліктерін және көп оқығандықтарын көрсетті.Өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап шығармадан өздеріне алған әсерлерімен бөлісті. Шара соңында үздіктер
I дәрежелі Дипломмен 103 топ кураторы А.Д.Жиенгазина және білім алушылар Көшербаев Қайрат,Аманқос Аслан
II дәрежелі Дипломмен 106 топ кураторы А.Қ.Бадауова және білім алушылар Лекер Ернур, Смағұл Айболат
III дәрежелі Дипломмен 104 топ кураторы
Ж.Қ.Салауатова және білім алушылар Жумашева Аружан,Ондасын Нұрсейіт марапатталды.

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары