Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. Колледж білім алушыларға жатақхана тәрбиешісі Жанар Мұғажанқызы, отбасының діңгегі мықты болу керек екендігін түсіндіре отырып, “Мерейлі отбасы” атты іс- шара ұйымдастырды. Шараға облысымызға танымал, зейнеткер ұстаз, бес баланың анасы, отанасы Ундирбаева Дәметкен Ундирбайқызымен әдемі кездесу кеші өткізілді. Жастарға өмірден көрген-түйгенін , ақылын жастарға айтып берді. Білім алушы жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алды. Облыстық халық шығармашылығы орталығынан келген қонақтарымыз “ Әдеп” тобының әншілері Қуанышгүл Серікбаева мен Құралай Әленова сыңғырлаған дауыстарымен , домбыра үнімен әуелетіп ән салды. Біздің жастарымыз қошемет көрсетіп, зор ықыласқа бөленді. Кеш тартымды өтті. Келген қонақтарымызға білім алушы жастарымыз алма кезек, жылы лебіздерін айтып, алғыстарын білдірді. Апайларымызға, әншілерімізге алдағы уақытта денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

<iframe width="560" height="315" src="/

" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

<iframe width="560" height="315" src="/

" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Отбасы- ол біздің қолдаушымыз, қорғаушымыз, қарым- қатынас пен сүйіспеншілікті көрсететін, кез келген жерде жаксы, икемді болуға үйрететін орта. Ол біздің мінез құлқымызды қалыптастырады, қиындықтан шығу жолын көрсетеді. Отбасымыздагы маңызды ролі аткаратын ата анамыз, ата әжелерімізден аларымыз мол. Отбасы тату болса, барлығы жаксы болады. 107 топ білім алушысы Бекболатов Саламат анасымен бірге үй жайға кажетті дүниелер жасауда.

<iframe width="560" height="315" src="/

" title="YouTube video player" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" allowfullscreen></iframe>

Тәрбие жұмысының мақсаты:

Оқушылардың бойына халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру, жан – жақты дамыту.

Тәрбие жұмысының міндеттері: 

  1. оқушылардың ақыл – ой және дене қабілеттерінің үйлесімді қалыптасуы мен рухани 

дамуына ықпал ету; 

  1. жалпы адамзаттық құндылықты бейнелейтін әдеп, саяси – құқық бағдарламаларды жүзге 

асыруға ықпал ету; 

  1. қазіргі ғылыми біліммен байытуға, дүниежүзілік өркениет құндылықтармен 

қаруландыруға үнемі ниеттендіруді қалыптастыру; 

  1. негізгі табиғат қорғау дағдыларын, алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу қабілетін 

қалыптастыру; 

  1. білім негізінде өзінің денсаулығы үшін жауапкершілігін қалыптастыру және денсаулық- 

қа зиянды заттарды қолданудан бас тартуға үйрету; 

  1. жақсы сезім, мінез – құлық, тәртіп жауапкершілік, ар – ұят, борыш, парыз, адамгершілік

имандылық қасиеттерін дамыту. 

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары